Алматыда көпбалалы аналарға бизнес ашуға өтеусіз гранттар берілуде

23 Желтоқсан 2020, 13:27
Сурет: "Qoldaý" кәсіпкерлік орталығы

Алматыда ШОБ өкілдері мен жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін өтеусіз гранттарға арналған конкурс аясында бизнес-жобалар қорғалды. Гранттар "Бизнестің жол картасы-2025" мемлекеттік бағдарламасы бойынша қарастырылған және 2-ден 5 млн теңгеге дейін құрайды. Конкурстың ұйымдастырушысы Алматы қ. Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы болып табылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бизнес-жобаларды қорғау арнайы комиссия мүшелерінің қатысуымен онлайн режимінде өтті. Ұсынылған бизнес-жобалардың сапасы жыл сайын артып келеді, дейді мамандар.

Конкурсқа көп балалы аналар жыл сайын белсенді қатысады, олар сонымен бірге "Бақытты отбасы" орталықтарында және "Іскер ана" бағдарламасы аясында қолдау алады. Бұл тігін шеберханаларын, ательелерді, шағын асханалар мен кондитерлік дүкендерді, оқу орталықтарын ашу, түрлі өнімдер шығару және т.б. бойынша бастамалар. Бірақ оның ішінде бірегей жобалар да бар, мысалы, үш баланың анасы Алатау ауданынан келген Гүлзат Асанхан қолданылған полиэтилен пакеттерін арнайы жабдықта түйіршіктерге айналдырып, содан кейін әртүрлі өнімдер шығару, оның ішінде киім, түймелер және т.б. өндіруді көздеп отыр.

Ал, мысалы, күйеуімен және бір жасар баласымен қорғауға келіп, 3 млн теңге грант ұтып алған көпбалалы ана Мәншүк Сыздықова теміржол вокзалынан алыс емес жерде өзінің үйінің жанынан 24 адамға арналған хостел ашпақшы.

6 баланың анасы, жүкті және тағы да бала күтіп отырған Айнұр Сахипкереева байқауда жеңіске жеткеннен кейін бақыт пен қуаныштың көз жасын жасырмады.

"Мен өзімнің Алатау ауданының "Бақытты отбасы" орталығына, сондай-ақ "Qoldaý" орталығына алғыс айтқым келеді. Бұрын мен мемлекеттің қолдауымен шағын тігін шеберханамды ашқан едім, енді қазір оны кеңейтіп, арманым болған – көпқызметті тігін машинасын сатып алғым келеді, осылайша жұмысымыз жеңілдейді, әрі балаларымды асыраймын. Ең бастысы - армандау және әрекет ету, бір орында отырмау, даму және басқаларға көмектесу", - дейді Айнұр.

Байқауға қатысушылардың барлығы "Qoldaý" кәсіпкерлік орталығында консультациялық қолдау алды, бұл жерде оларға комиссия алдында қорғау бойынша бизнес жоспарлар құру, есептеулер жүргізу және т.б. көмек көрсетілді.

Алматыдағы бизнесті мемлекеттік қолдауға гранттардан басқа шаралар кешені кіреді, оның ішінде жеңілдікпен қаржыландыру, сервистік қолдау, әкімшілік кедергілерді азайту және т.б. шаралар қамтитынын айта кетеміз.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?