БҚО-да Жаңа жылда көршісін "сатқандарға" ақы төленеді

23 Желтоқсан 2020, 14:47
Сурет: uralskweek.kz

Батыс Қазақстан облысында полиция Жаңа жылды көп адаммен қарсы алып, кеш ұйымдастырғандар туралы есеп бергендерге ақы төлемекші, деп хабарлайды zakon.kz.

БҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі "Уральская неделя" басылымына Жаңа жыл қарсаңындағы шектеулер мен ерекше ережелер туралы айтып берді.

Ең ерекше ереже Жаңа жылды үйде қарсы алатындарды қамтиды. Бұған дейін облыстың бас санитарлық дәрігері Мұхамғали Арыспаев "үйде бес адамға дейін бас қосуға болады, оны ешкім шектемейді деп айтқан. Бірақ бес адамнан (10-20) көп болса, ол жаппай өткізілетін іс-шара ретінде қаралатын болады. Егер полицияға немесе мониторингтік топтарға шағым келіп түссе, олар жауапкершілікке тартылады. Жеке тұлғаларға айыппұл 83 мың теңгені құрайды, егер олар бір апта ішінде төлейтін болса - онда бұл көлем 50%-ға қысқарады.

Осы мәлімдемеден кейін, оралдықтар желіде отбасы мүшелерінің қайсысын үйден қуу керек деген мәселені талқылай бастады. Яғни, бір отбасында 5 адамнан да көп адам болуы мүмкін ғой. Алайда баспасөз қызметі бұл шектеудің отбасы мүшелеріне қатысы жоқ екенін түсіндірді.

Адамдар Жаңа жылды бүкіл отбасымен қарсы ала алады, сондықтан бұл шектеудің отбасы мұшелеріне еш қатысы жоқ, ал санитарлық дәрігердің шектеуі бұл арада шақырылған қонақтарға қатысты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?