Студенттік билеттер электронды форматқа көшірілді

24 Желтоқсан 2020, 09:28
Сурет: lenta.ua

2020 жылдың желтоқсанынан бастап жоғары оқу орындары мен колледждердегі білім алушылардың студенттік билеттері электронды форматқа ауыстырылды. Құжат "eGov" сайтында және "eGov mobile" мобильдік қосымшасында қолжетімді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жеке электрондық құжаттарды сақтау бойынша "Цифрлық құжаттар" сервисі "eGov mobile" электрондық үкімет қосымшасының басты бетінде орналастырылған. Студенттің басқа да жеке құжаттарымен бірге электронды студенттік билеті осы сервистің ішінде қолжетімді. Мобильді қосымшаны Google Play және AppStore арқылы жүктеп алуға болады. Қосымшада ЭЦҚ немесе бір реттік құпия сөз арқылы авторизациядан өту қажет.

Барлық жоғары оқу орындары мен колледждер қағаз түріндегі студенттік билеттерге қыруар қаражат жұмсайды. Орташа есеппен әрбір студенттік билет 1000-1200 теңге тұрады. Студенттік жеңілдіктерді пайдалану барысында қағаз құжаттардың шынайылығын растау қиындық тудырып жататыны белгілі. Ал "eGov mobile" мобильді қосымшасында құжаттың шынайылығын электрондық үкімет растайды. Сондықтан студенттік билеттерді сандық форматқа ауыстыру тек ақша үнемдеп қана қоймай, сонымен қатар студент мәртебесін растау кезінде ыңғайлы болып табылады, — деді Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?