Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап кинотеатрлар жұмыс істей бастайды

Pixabay Pixabay
Жұмыс кестесі сағат 22: 00-ге дейін сақталатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда.

Нұр-Сұлтанда 26 желтоқсаннан бастап қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысымен кинотеатрлардың санитарлық-эпидемиологиялық нормаларға сәйкес жұмыс істеуіне рұқсат етілді, деп хабарлайды zakon.kz елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

"Орындар санын 30%-дан асырмай, көрермендерді екі орын сайын және қатар бойынша шахмат тәртібімен отырғызу арқылы, күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып кинотеатрлардың жұмыс жасауына рұқсат етіледі. Кинотеатрлар жұмыс, демалыс және мереке күндері сағат 10:00-ден 24:00-ге дейін жұмыс істейді, акциялар өткізілмейді. Егер карантин және шектеу шараларын бұзу фактісі анықталса, кинотеатрлардың жұмысы тоқтатылады", - деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиева.

Сонымен қатар мереке қарсаңында мейрамханалардың, кафелердің, барлардың, асханалардың жұмыс уақыты үлкен кезектер туындауына жол бермеу мақсатында 24 сағатқа дейін ұзартылады. Бұл ретте ғимарат ішінде 30 орыннан артық болмауы, санитарлық-эпидемиологиялық, санитарлық-профилактикалық шараларды сақталуы, үстелдер арасында кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтық сақталуы, әр үстелге 4-6 адамнан артық отырғызылмауы керек.

Жұмыс кестесі сағат 22: 00-ге дейін сақталатын тұрғын үйлерде орналасқан объектілерді қоспағанда.

Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде жаңа жылдық ертеңгіліктерді, корпоративтерді және тойлауға арналған басқа да орындарда өткізуге тыйым салынды.

Карантин және шектеу шаралары бұзылған жағдайда нысандар қызметі тоқтатылады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз