2021 жылдан бастап кімдер кірісі туралы декларация тапсырады

Abctv.kz Abctv.kz
Ең бірінше кезекте, мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары табысы туралы декларация толтырады.

2021 жылдан бастап кімдер өз кірісі туралы есеп беріп бастайтыны белгілі болды. Бұл туралы еліміздің қаржы министрлігі мәдімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бірінші кезеңде 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерге теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары есеп беруі тиіс.

Екінші кезеңде 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап - мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері және олардың жұбайлары кірісі туралы декларация тапсыруы тиіс.

Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап - заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары декларация толтыра бастайды.

Төртінші кезеңде 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың қалған санаттары табысы туралы есеп беруілері қажет.

ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУ

І-КЕЗЕҢ. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайларынан, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардан және олардың жұбайлары

ІІ-КЕЗЕҢ. 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері және олардың жұбайлары

ІІІ-КЕЗЕҢ 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, дара кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары

IV-КЕЗЕҢ 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап

- халықтың қалған санаттары табысы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз