Тоқаев квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға арналған мораторий мерзімін ұзартты

Ақорда Ақорда
Мораторидің мерзімі биылғы жылдың соңында аяқталуы тиіс болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Қаулы мәтіні Ақорда сайтында жарияланды.

"Квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 51 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 245-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: 1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: "1. 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізілсін"делінген Қаулыда.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз