Елбасыға алдағы жылдың экономикалық дамуы бойынша болжамдар баяндалды

Елбасы сайты Елбасы сайты
Сондай-ақ Елбасына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары туралы ақпарат берілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Ұлттық банктің төрағасы Ерболат Досаевпен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы сайтының хабарлауынша, кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа Қазақстан экономикасының 2021 жылға арналған даму болжамдары, сондай-ақ пандемия жағдайында әлемдік нарықтардағы экономикалық жағдайға шолу жасалды.

Елбасына қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету шаралары және экономикалық өсімді қалпына келтірудің кешенді жоспарын іске асыру туралы ақпарат берілді.

Ұлттық банк төрағасы Қазақстанның халықаралық резервтерінің жағдайы, Ұлттық қор мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының активтерін басқарудағы алдын-ала нәтижелері туралы айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз