2021 жылы қазақстандықтар 121 күн демалады

24.kz 24.kz
Демалыс күндерінің көп бөлігі қаңтар мен мамыр айларына келеді.

2021 жылы мереке күндерін қосқанда қазақстандықтар 121 күн демалады, деп хабарлайды zakon.kz.

Демалыс күндерінің көп бөлігі қаңтар мен мамыр айларына келеді.

Айта кету керек, 2021 жылы барлық мереке демалыс күндеріне сәйкес келетіндіктен қазақстандықтар 3-4 күн қатарынан демалады.

Сонымен, 2021 жылғы ең ұзақ демалыс күндер:
қаңтарда - Жаңа жылда - 4 күн;
наурызда - Наурыз мерекесі құрметіне - 5 күн;
мамырда - Жеңіс күнінде - 4 күн;
желтоқсанда - Тәуелсіздік күніне - 4 күн.

Басқа мерекелерде демалыс күндері үш күнге созылады. Сонымен бірге, бір демалыс Рождествоға - 7 қаңтарға сай келеді, Құрбан айттың бірінші күні де демалыс болып табылады, ол 20 шілдеге сәйкес келеді. 8 наурыз дәстүрлі түрде Халықаралық әйелдер күні ретінде атап өтіледі. Наурызда Наурыз мейрамының бірінші күні жексенбіге сәйкес келеді, сондықтан бұл күндегі демалыс 24 наурыз, сәрсенбіге ауыстырылды.

1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі мерекесі сенбіге келгендіктен, осы күнге арналған демалыс 3 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.

9 мамырдағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні жексенбіге де келіп түседі, соған байланысты демалыс күні 10 мамыр, дүйсенбіге ауыстырылды.

Айта кету керек, алдағы жылы қазақстандықтар Астана күнін 3 күн - 4,5 және 6 шілдеде атап өтеді. Ал сенбі, 3 шілде жұмыс істейді (кейінге қалдырылды).

30 тамыз - Конституция күнінде де демаламыз.

Желтоқсанда бізде 3 мереке болады: 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні. 16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз