Жаңалықтар тізбегі
0

Қайрат Нұртастың әйелі қалай "Әлем ханымы" боп алғанын айтты

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2020 17:44 видеодан кадр
Осы уақытқа дейін басымда тәж, көкірегімде лента болмады.

Қайраттың үлесі жоғары! "Әлем ханымы" атанған Жұлдыз Әбдікәрімова халық сынына осылай деп жауап қатты. Бүгін оған Болгариядан жеткізілген тәжі мен салтанатты лентасы ресми түрде табысталды. Хитмен Қайрат Нұртастың келіншегі жеңістің дәмін енді сездім дейді. Дегенмен, ел-жұрт әлемдік деңгейде өткен сайыстың әділдігіне күмәнмен қарайды. Желіде Жұлдыз жүлдені сатып алған деген пікірлер де көп. Ал Ресейлік басылымдар кешелі бері "Әлем ханымын Орыс қызы ұтты деп" сүйінші сұрап отыр. Оған Жұлдыздың өзі не дейді?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Әнінде әйелін әлемге теңеген Қайрат Нұртастың осы бір хиті есіңізде болар? Күйеуінің шығармасынан шабыт алды ма, кім білсін, келіншегі Жұлдыз Әбдікәрімова басқа емес, "Әлем ханымы" сайысына қатысамын деп шешім қабылдаған.

Мақсатым басыма тәж кию емес, көк туымызды желбірету.

Желбіретті де. Әлемнің түкпір-түкпірінен бақ сынаған 90-ға жуық қатысушының арасынан оқ бойы озып, бас жүлдені иеленді. Бүгін бас қалада марапаты ресми түрде табысталды.

Жұлдыз Әбдікәрімова, "Әлем ханымы" сайысының бас жүлде иегері:

Шын айтайын енді сезіндім! Осы уақытқа дейін сезімің қандай, сезімің қандай деп менен қасымдағы қыздарым сұрайды, шыны керек осы уақытқа дейін сезбедім, өйткені осы уақытқа дейін басымда тәж, көкірегімде лента болмады.

Жылда болатын "Әлем ханымы" сайысы биыл онлайн форматта өткен соң, байқау шарттары да өзгерген. Жеңімпазды жарты минуттық видеоларына қарап таңдапты.

Арайлым Әлімжан, "Әлем ханымы" конкурсының Қазақстандағы ресми өкілі:

Мен басқа қатысушылардың презентациясын қарап шықтым да солардың арасында Жұлдыздың не үшін ұтқанын түсіндім.

Дегенмен, дауыс беру бойынша ғана жүлделі болған Жұлдызға қатысты желіде сыни пікірлер де қөп. Дені сайысты сатып алған, дауыс бергендерге ақша ұстатқан, қысқасы әлемдік деңгейдегі байқаудың әділдігіне күмәнмен қарап отыр. Бұған қатысты жеңімпаздың өзі бүй деді.

Жұлдыз Әбдікәрімова, "Әлем ханымы" сайысының бас жүлде иегері:

Қайраттың жалпы үлесі жоғары. Себебі, ең бастысы оның қолдауы болды. Одан кейін бір шарт болды ғой, балалы болу керек деген. Бұл жерде де Қайраттың үлесі жоғары болды деп ойлаймын. Сондықтан үлкен рахметімді айтамын. Дауыс беріп жүрген қарапайым халық біледі. Ақылы емес екенін бәрі біледі.

Хош, оны қойшы. Кешелі-бері ресейлік БАҚ беттері "Біздің қыз – Әлем ханымы" жүлдесін ұтты деп сүйіншілеп жүр. Оған қатысты сайыстың ресми өкілі саспай мынадай жауап қатты.

Арайлым Әлімжан, "Әлем ханымы" конкурсының Қазақстандағы ресми өкілі:

Ол өзінің елінде басқа конкурсқа қатысса да, мен "Миссис Вселеннаяға" қатыстым деп фейк ақпаратты таратқан. Және сол жердің журналистері, соның сөзіне сеніп, ақпаратты жібере салған. Сондай да болады.

Ал жалпы "Әлем ханымы" сайысының берері не?

Арайлым Әлімжан, "Әлем ханымы" конкурсының Қазақстандағы ресми өкілі:

Мисс Вселенная мен Мисс мира ол күйеуге тимеген қыздардың байқауы, сондықтан оларда коммерциялық цель өте көп. Продвижение болады. Ал бұл жерде социальная цель. Мұнда ешқандай ақшасыз қатысасыз.

Енді Жұлдыз келер жылдан бастап тұрмыстағы қыз-келіншектерге арнап, әлеуметтік жобаны бастамақшы. Онда бала-шағасымен үйде отырған аруларға онлайн жұмыс ұсынылып, тегін курстар өткізіледі, дейді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: