Қазақстандағы сайлауға шетелдік байқаушыларды тіркеу аяқталды

5 Қаңтар 2021, 09:01
Сурет: zakon.kz

ҚР Ортсайлауком Төрағасы Берік Имашев халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің байқаушыларын аккредиттеу аяқталғанын мәлім етті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу дауыс беру күніне бес күн қалғанда, 4 қаңтарда сағат 18.00-де аяқталды.

Осылайша, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына барлығы 398 байқаушы аккредиттелді, оның ішінде:

10 халықаралық ұйымнан – 322 байқаушы (ТМД Парламентаралық Ассамблеясы – 4;

ТМД Атқарушы комитеті – 179;

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы – 4;

ЕҚЫҰ – ның демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы – 42;

ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы – 9; Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы – 15;

Түркітілдес мемлекеттердің Ынтымақтастық Кеңесі – 7; Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт Ұйымының Парламенттік Ассамблеясы – 7;

түркітілдес елдердің Парламенттік Ассамблеясы – 9;

ЕО-ның Қазақстандағы өкілдігі – 2);

31 шет мемлекеттен – 76 (Иордания, Қырғызстан, Мальдив, Молдова, Түркия, Әзірбайжан, Армения, Индонезия, Өзбекстан, Ресей, Румыния, Үндістан, Филиппин, Венгрия, Испания, Норвегия, Франция, Швейцария, Польша, Чехия, Италия, Эстония, Украина, Германия, Бельгия, Палестина, Ұлыбритания, Моңғолия, Швеция, Канада, Финляндия).


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?