Жаңалықтар тізбегі
0

Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ - Тоқаев

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2021 16:47 Ақорда
Президент бұл туралы сөзді өз мақаласында келтірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласында қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартпағанын тағы бір мәрте баса айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Бабалардан мұра болған қасиетті жеріміз – ең басты байлығымыз. Қазаққа осынау ұлан-ғайыр аумақты сырттан ешкім сыйға тартқан жоқ. Бүгінгі тарихымыз 1991 жылмен немесе 1936 жылмен өлшенбейді. Халқымыз Қазақ хандығы кезінде де, одан арғы Алтын Орда, Түрік қағанаты, Ғұн, Сақ дәуірінде де осы жерде өмір сүрген, өсіп-өнген. Қысқаша айтқанда, ұлттық тарихымыздың терең тамырлары көне заманның өзегінде жатыр. Жалпы, тарихпен саясаткерлер емес, тарихшылар айналысуы керек", - деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев шекара мәселесін шешумен нақты айналысып жатқан кезде кейбір саясаткерлер мен қоғам қайраткерлері "біз бұған асықпайық", "кейін де келісуге болады" деп арқаны кеңге салғысы келгенін де еске салып өтті.

"Келіссөздерді табандылықпен жүргізіп, іргемізді дереу қымтап алғанымыз өте дұрыс болғанын уақыттың өзі дәлелдеп берді. Қазір кім не айтса да, біздің екіжақты келісімдермен бекітіліп, халықаралық деңгейде танылған шекарамыз бар. Енді оған ешкім дауласа алмайды", - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ Президент аумақтық тұтастығымызға күмән келтіріп, тату көршілік қатынастарға сына қаққысы келетін кейбір шетел азаматтарының арандатушылық іс-әрекеттеріне ресми және қоғамдық деңгейде тойтарыс бере отырып, ағартушылық жұмыстарын ұстамдылықпен жүргізген жөн екенін айтты.

Желтоқсан айында ресейлік депутат Вячеслав Никонов телебағдарлама эфирінде "Қазақстан территориясы - Ресейдің сыйлаған керемет тартуы" деп айтып, екі ел арасында өзара түсінбестік туғызды.

Осыған байланысты қазақстандық дипломаттар Ресейге наразылық нотасын жолдады. Мемлекеттік Дума Ресейдің Қазақстан егемендігін мойындайтынын, сондықтан Никоновтың айтқанына қатысты ыңғайсыз оқиға реттеледі деп мәлімдеді.

Кейінірек тағы бір ресейлік депутат Евгений Федоров Қазақстан Ресейдің территориясын жалға алған деп мәлімдеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: