Министр елорданы көк түтіннен қалай құтқаруға болатынын айтты

5 Қаңтар 2021, 16:10
Сурет: kolesa.kz

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мирзағалиев елорданы көк түтіннен қалай қорғау керектігі бойынша қабылданған жоспармен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

"Әрине, көк түтінді жеңе аламыз, оны міндетті түрде жеңеміз. Бұл үшін барлық дайындық жұмыстары мен алғышарттар қазірдің өзінде қолға алынған. Елбасының тарихи шешімінің арқасында "Сарыарқа" газ құбыры салынып жатыр. Бүгінгі күні елордадағы үйлерді шетінен газға қосу басталды", - деді Мирзагалиев ОКҚ брифингінде.

Ол бұл мәселе үнемі қадағауға алынып, назарда болады деп сендірді. Қазірдің өзінде қалада 300 шақырымнан астам газқұбыры тартылып үлгерген.

Қазірдің өзінде 1000-ға жуық техникалық сипаттама берілген. Демалыстан кейін белсенді түрде қоса бастайды. Бүгінде 300 үй газға қосылды. Тағы бірнеше мың үй өтініш білдірді. Айта кету керек, көптеген тұрғындар қазірдің өзінде көмір сатып алған, сондықтан олар газға көшуге онша дайын емес. Олар көмірді пайдалануға мүмкіндік беруді сұрайды. ЖЭО-ны газдандыру бойынша екінші жұмыс жүріп жатыр. Төрт қазандық қазірдің өзінде газға ауыстырылды. Қалған қазандықтар биыл беріледі. Осылайша, келесі жылыту маусымына дейін бізде ауа тазарады деген үміттеміз, - деп түсіндірді министр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?