Президент мақта саласына қатысты өзгерістер енгізілген заңға қол қойды

5 Қаңтар 2021, 19:48
Сурет: Pixabay

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және "Мақта саласын дамыту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заң қолданыстағы әкімшілік кедергілерді азайтуға және осы салаға, соның ішінде қаржы ұйымдарының несиелік ресурстарына инвестицияларды тартуға жағдай туғызуға арналған.

Бұған дейін сенатор Сұлтан Дүйсембинов қолданыстағы заңда шетелдік инвестициялардың ағынын шектеуге және несиелендірудің жолын бөгейтін томпақ нормалар болғанын атап өтті.

Бұл заң қажет емес әкімшілік кедергілерді жоя отырып, саланың инвестициялық ахуалын жақсартуға және салаға несиелік ресурстарды тартуға жағдай жасайды, мақта егу көлемін ұлғайтады, мақтаның сапасы мен қазақстандық компаниялардың экспорттық кірістерін жақсартады, деп жазды "Деловой Казахстан".


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?