Маңғыстау өңіріндегі Волонтерлер жылы аясында атқарылған іс-шаралар

6 Қаңтар 2021, 18:05
Сурет: Акимат Мангистауской области

Жыл басында өңірдегі волонтерлік топтар мен қайырымдылық ұйымдардың жетекшілерінен құрылған "Үйлестіру кеңесі" өз жұмысын бастады. Аталған кеңес көмекке мұқтаж азаматтардың бірыңғай базасын қалыптастыру, мемлекеттік мекеме басшыларымен ашық әрі жүйелі кері байланыс орнату сынды мәселелерді шешу мақсатында құрылды.

Қоғамдық қызметпен айналысып жүрген студенттерге қолдау көрсету жұмыстары бойынша Ақтау қаласындағы оқу-орындарының басшыларымен келіссөз жүргізіліп, өзара ынтымақтастық пен серіктестік жөнінде келісімшарт жасалды. Нәтижесінде, өңірдегі орта, кәсіптік-техникалық оқу-орындарында 68 волонтерлік топ жасақталып, жыл көлемінде жүйелі жұмыс жасады.

Мамыр айында Мақтаралда болған су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жинап, ел азаматтары мен қала тұрғындарының көмегімен 77,5 тонна гуманитарлық жүк жиналды. Аталған гуманитарлық жүкті сұрыптау жұмысына облыстық волонтерлар корпусының волонтерлары жұмылдырылды.

"Birgemiz" республикалық тұжырымдамасы аясында Маңғыстау облысында "KAZBRANDS" ҚҚ "Birgemiz Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасын, Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясы "Birgemiz:Bilim" жалпыұлттық жобасын жүзеге асырды.

"Қазақстанның Волонтерлар Лигасы" ҚҚ Маңғыстау облысы волонтерлік саласындағы нақты жергілікті мәселелерді шешудегі азаматтардың жеке күш-жігерін және волонтерлік бастамаларды қолдауға бағытталған "Ашық жүрек" әлеуметтік жобасын жүзеге асырды.

Сонымен қатар, өңірдегі волонтерлық топтар мен қайырымдылық ұйымдар облыс тұрғындарына коронавирустан қорғану, төтенше жағдай режиміндегі қауіпсіздік шараларын сақтау, каратинде қиын жағдайға тап болған әлеуметтік жағынан осал топтағы азаматтарға қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыс атқарды.

Мәселен, өңірдегі негізгі қайырымдылық іс-шараларды ұйымдастырушы – "Біз адамбыз – біз біргеміз" қоры, "Атадан мирас" қоғамдық қоры, "Клуб добряков" тобы, "Ақтау қайырымды жандары" және "Жаңаөзен қайырымды жандары", өңірлік Волонтерлер корпусы және т.б. қайырымдылық топтары мен волонтерлік ұйымдары нәтижелі қызмет атқарды. Аталған ұйымдардың қолдауымен өңірдегі 20000-нан астам азамат көмек алып, 3000-ға жуық волонтер қызмет етті.

Төтенше жағдай кезінде Маңғыстаулық волонтерлар көмегімен 15000 тегін маска таратылды.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының волонтерлар корпусы оперативті қызмет көрсететін волонтерлік штаб құрып, азаматтарға ақпараттық және адрестік қолдау көрсетті. Ахмет Байтұрсынұлы білім академиясымен бірлесе "Birgemiz:Bilim" жобасын жүзеге асырып, ауыл-аймақтағы әлеуметтік жағынан осал топтағы отбасыдан шыққан 200 оқушыны Ұлттық бірыңғай тестілуге дайындап, тәлімгер болды.Нәтижесінде 80 оқушы мемлекеттік грантқа, 22 талапкер 100 баллдан жоғары балл жинады.

Науқастың төсек орын жабдығын дайындау, жатын бөлмеге кереуеттерді орналастыру, оттегі баллондарын тасу – әр қимыл есептеулі кезеңде Ақтау және Жаңаөзен қаласының тұрғындары өз мойнына алған жауапты міндетке айналды.
Көзге көрінбейтін майданның алғы шебінде жүрген дәрігерлермен бірлесе, Ақтау қаласындағы провизорлық станционарда Маңғыстау облысының волонтерлер корпусы қызмет атқарып, науқастарға қолғабыс жасады.

Науқас азаматтарға күндізгі стационарларды ашу, қан орталығымен жұмыс жасау, қонақ үйлерде орналасқан дәрігерлерге қосымша берілетін дәруменді тамақтарды жеткізуді реттеу, ауыл-аймақта орналасқан медциналық ұйымдарға қажеттіліктері жеткізу және т.б. жұмыстарды "Халыққа көмек" қоғамдық штабы атқарды.

"Nur Otan" партиясының "Біз біргеміз" акциясы аясында Ақтау және Жаңаөзен қаласының 28 304 тұрғынына 50.000 теңге жәрдемақы, 8 мың отбасыға азық-түлік себеті үлестірілді.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 14 қыркүйектегі "Халық алғысы" медалімен өңірдегі 15 волонтер марапатталып, өңірдегі барлық ауыл-аймақта пандемия кезінде ерекше көзге түскен 25 волонтер "Volunteer Corps Awards" премиясының "Жыл белсендісі" атанды.

Жыл соңында өткен "Маңғыстау волонтерлері, birgemiz!" атты салтанатты шарада Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева маңғыстаулық Садуақасов Айсағалиді "Жыл волонтері" халықаралық сыйлығының "Тарихи-мәдени мұраларды сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясы бойынша марапаттап, өңір басшысы арнайы сыйлықты табыстады.

Аталған жиында өңір басшысы волонтерлік жобалар мен волонтерлерге қолдау көрсету жалғасатындығын жеткізді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?