Рождество мерекесі: Асқар Маминнің құттықтауы

7 Қаңтар 2021, 13:35
Сурет: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қазақстандық православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстанның православие христиандарын Рождество мерекесімен құттықтаймын. Мейірім мен сүйіспеншілік, әділдік тәрізді мәңгілік құндылықтардың нышанына айналған ізгі мейрам жанашырлық пен қайырымдылыққа үндейді. Сенім адамдарды рухани жетілуге әрі игілікті істерге жетелейді. Рождество — көпұлтты Қазақстандағы татулық пен келісімді нығайта түсетін жарқын да ізгі мерекелердің бірі. Православие христиандарына, барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық және игілік тілеймін! Мереке әр шаңыраққа шаттық пен бақыт сыйласын", делінген Үкімет басшысы құттықтауында.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?