Бекшин Алматыдағы эпидахуал туралы: Қаңтар айына қатысты болжамымыз көңіл көншітпейді

7 Қаңтар 2021, 14:29
Сурет: gov.kz

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин 7 қаңтардағы деректер бойынша Алматыдағы коронавирусқа қатысты эпидемиологиялық ахуал шиеленісті жағдайда екенін айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол қала тұрғындарын санитарлық нормаларды қатаң сақтауға шақырды.

Эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында қала "сары" аймақта қалып отыр, бұл шектеу шараларын бақылауды күшейту қажеттігін білдіреді.

Эпидемияның екінші толқынға ұласуы ықтималдығын білдіретін көрініс Алматыда қазан айында басталды, яғни тіркелген КВИ жұқтырушылар саны соңғы үш айда 14 есеге өсті.

Қаңтар айының осы жеті күнінде 700-ден астам КВИ дерегі тіркелді, қаңтар айындағы болжамымыз көңіл көншітпейді, бұл айда 4 500 жағдай тіркелуі мүмкін.

Соңғы 14 күнде 20-39 жастағы азаматтардың аурушаңдығы 35%, 40-59 жастағылардың 33% құрайды, бұл шектеу шараларын бұзумен және адам саны көп корпоративті кештер өткізумен, сауда объектілеріне барумен байланысты.

Инфекцияның қарқынын төмендету үшін, әлі де вирустың таралуын тоқтату үшін адамдар көп болатын жерлерге барудан бас тартуыңызды сұраймыз, ол үй іші болсын, сырты болсын бәрібір. Бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтық режимін қатаң ұстаныңыз. КВИ науқастарымен байланысқан жағдайда жұмысқа бармай, үйде қалыңыз және ақысыз тексерілу үшін тұрғылықты мекен-жайыныңыз бойынша емханаға телефон арқылы хабарласу керек. Мен азаматтарға және қала қонақтарына жедел респираторлық вирустық инфекциялардың белгілері пайда болған кезде үйге дәрігер шақыруды ұсынамын, зейнеткерлер қатты қажеттілік болмаса, үйден шықпауы керек, - деді Бекшин.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?