Қытайдың тағы бір қаласында коронавирусқа байланысты әскери режим енгізілді

8 Қаңтар 2021, 13:16
Сурет: rus.azattyq.org

Қытай қалаларының бірінде коронавирустың бас көтеруіне байланысты локдаун жарияланып, әскери жағдай енгізіліп жатыр. Сонымен бірге, ғалымдар Уханьдағы инфекцияның эпицентрінде, тіпті COVID-19-ды жеңдік деп жариялағанда да инфекция таралып жатқанын анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл жолы 11 миллион тұрғыны бар Шицзячжуан қаласында локдаун жарияланып, әскери жағдай енгізілді. Онда бір күнде 120 коронавирус инфекциясын жүұтыру дерегі тіркелді, деп хабарлайды Rambler Қытайдың мемлекеттік телевидениесіне сілтеме жасап.

Бұл - соңғы бес айда анықталған елдегі инфекцияның ең жоғары деңгейі.

Қалада мектептер мен тұрғын үй кешендері жабылды, қалаға кіру де шектелді, поштаны жеткізу ісі үш күнге тоқтатылды.

Қытайдың ауруларды бақылау және алдын-алу орталығы (CDC) директорының орынбасары Фэн Цзицзян індеттің өршуіне Еуропадан Қытайға жеткен коронавирустың жаңа штаммы себеп болуы мүмкін деп болжайды. Оның айтуынша, қытайлық мамандар коронавирустың Қытайда инфекция жойылды деп саналған кездің өзінде Ухань қаласында таралып жатқанын анықтады. Ғалымдар осындай қорытындыға келіп отыр. Олар елде қауіп-қатерді еңсердік деген кезде көптеген адам білінбейтін КВИ-ға жаппай шалдығай берген деп топшылайды. Жақын күндері SARS-CoV-2-нің агрессивті штамдары ел арасында бар екендігін байқатып, ол елдегі жалпы эпидемияның қайта өршуіне себеп болуы мүмкін.

Коронавирустың жаңа түрінен туындаған COVID-19 пневмониясының өршуі алғаш рет 2019 жылдың желтоқсанында Қытайдың Ухань қаласында тіркелді. 11 наурызда ДДҰ бұл жағдайды пандемия ретінде сипаттауға болатынын мәлімдеді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?