ШҚО-да бір бойжеткен ақшасы бар еркектерге жезөкше қыздарды ұсынған

9 Қаңтар 2021, 22:04
Сурет: 056.ua

ШҚО ПД Криминалдық полиция қызметкерлерімен әлеуметтік желілерді тексеру барысында, интимдік қызмет көрсету туралы хабарландыру жарияланған сайт анықталды, деп хабарлайды zakon.kz ШҚО ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында, 24 жастағы әйел адам сайт арқылы жеңгетейлықпен айналысқаны анықталды.

Бұл сайтта байланыс деректерін көрсетіп үш әйелді тіркеп, қыздар туралы және жалға берілетін пәтерлер мен апартаменттерге шығу туралы ақпарат беріп отырған. Клиенттерден барлық тапсырыстарды өзі қабылдаған, ал интимдік қызмет көрсететін қыздар тапқан қаражатының 50% беріп отырған.

2020 жылдың желтоқсан айының аяғында ШҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен "Құқықтық тәртіп" ЖААШ өткізу барысында 24 жастағы күдіктіге қатысты жеңгетайлық фактісі анықталды. Күдікті хабарласқан клиенттерден тапсырыстар қабылдап, қалалық сауналардың бірінде қосымша ақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздарды тауып беріп отырған, - деді ШҚО ПД бастығының орынбасары Талғат Шаяхметов.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 309-бабының 1-бөлігі (Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?