Сайлау учаскесіндегі заң бұзушылықты тіркеген видео: Ол Қазақстанда түсірілмеген

10 Қаңтар 2021, 10:15
Сурет: stopfake.kz

Facebook-те сайлау учаскесі бақылау камерасына түсіп қалған бейнежазба жарияланды. Онда бірнеше бюллетеньді бір мезетте дауыс беру жәшігіне салғаны көрсетілген. Жазба авторының айтуынша, бұл Қазақстанда орын алған жағдай. Алайда, шын мәнінде, бұл ескі видео және өткен жылдың шілде айында Мәскеуде түсірілген болып шықты, деп хабарлайды zakon.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Видеоның түпнұсқасын Twitter-ден көруге болады. Ол 2 шілдеде Ресейде Конституцияға өзгертулер енгізу жөніндегі сайлаудан кейінгі күні жарияланған.

Кейіннен мәскеулік Раменка ауданындағы осы сайлау учаскесінде дауыстарды санау тоқтатылды, бұл туралы Мәскеу қалалық сайлау комиссиясы өзінің Telegram каналында хабарлады.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?