Елбасы сайлаудан кейін Қазақстан билігі алдындағы басымдықтарды атады

10 Қаңтар 2021, 12:32
Сурет: Ақорда

Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дауыс бергеннен кейін билік алдындағы басым міндеттер туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

- Біздің алдымызда келесі міндеттер тұр. Біріншісі - осы пандемияны жеңу, тыныш өмірге көшу. Екіншісі - бағдарламаны белгілеу, дағдарыстан кейінгі дамуды жүзеге асыру, дағдарыстан шығу, өйткені пандемия экономиканың құлдырауына әкеліп соқты. Біз осының бәрін жеңіп, тұрақты даму жолына түсуіміз керек, - деді Елбасы дауыс бергеннен кейінгі сөзінде.

Ол қазақстандықтарды сайлауда дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды.

"Құрметті отандастар, қазақстандықтар! Бүгін елімізде үлкен саяси әрі ауқымды шара өтіп жатыр. Ол - жергілікті мәслихаттардың депутаттарын және мәжіліс депутаттарын сайлау. Бұл тек сайлау учаскесіне келіп, бюллетеньді түсіру мәселесі ғана емес, еліміздің әрбір азаматы бірлігін көрсетеді, парасаттылығын көрсетеді, болашаққа деген үмітін көрсетеді" , - деді Назарбаев.


Өз сөзінде Назарбаев сайлауға дейін біраз жұмыстың атқарылғанын да ерекше атап өтті. Соның ішінде әйелдер мен жастардың 30 проценттік квотасы да бар.

"Қазақ елінің, Отанымыздың болашағы бір, үміті бір, мүддесі бір. Біздің қанымыз да, жанымыз да, жеріміз де бір. Сондықтан бүкіл дүниенің алдында тағы да бірлігімізді көрсетуіміз керек. Бұл сайлауда біз болашақ үшін, бірлік үшін, еліміздің ішіндегі тыныштық үшін дауыс беретін боламыз. Сондықтан әлі дауыс бермеген азаматтарға сайлау учаскесіне келіп, өзінің азаматтық және конститутциялық құқығын орындауға шақырамын ", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Елбасы "Астана Опера" театрында орналасқан №115 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтіп жатыр.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?