48 немере, 113 шөбере. Маңғыстауда ғасыр жасаған қос кейуана үйінен дауыс берді

10 Қаңтар 2021, 18:55
Сурет: Маңғыстау ауданының әкімдігі

Маңғыстау облысының 104 жастағы кейуана азаматтық борышын өтеп, дауыс берді, деп хабарлайды zakon.kz.

Шетпе ауылының тұрғыны, еңбек ардагері, 104 жастағы Канзия Сақауова үйінде дауыс берді. Сайлау комиссиясы мүшелері әжейдің үйіне барып, мөрі бар бюллетеньдерді қолына табыстады. Ол кісінің 17 немересі, 34 шөбересі, 12 шөпшегі бар.

Жыңғылды ауылының 100 жастағы тұрғыны Ақілгек Құлбарақова да өз таңдауын жасады. Тоғыз баланы дүниеге әкелген кейуана - бүгіндері 48 немеренің, 113 шөберенің және алты шөпшектің әжесі.

Үлкен кісілер үнемі елімізде өткен сайлауларға белсенді түрде қатысып келе жатқанын айтты.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?