Атырау облысының әкімі де өз таңдауын жасады

10 Қаңтар 2021, 19:39
Сурет: Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында өз дауысын беріп, таңдауын жасады, деп хабарлайды zakon.kz облыстық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Атырау қаласындағы Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

Таңғы сағат жетіден өз жұмысын бастаған аталған сайлау учаскесіне 1145 сайлаушы тіркелген.

Саяси науқанда өңірде барлығы 265 сайлау учаскесі қызу жұмыс істеуде. Мұнда азаматтарға санитарлық талаптарды сақтай отырып дауыс беруге арналып барлық жағдай жасалған.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?