"Базалық мөлшерлеме" ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітілді
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экономикалық өсуді қалпына келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2021 жылғы 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, "базалық мөлшерлеме" ұғымы заңнамалық тұрғыда бекітілді, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҰБ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сонымен бірге ҚР заңнамасынан "базалық мөлшерлеме" ұғымына ауыстырылған "қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі" ұғымы алып тасталды. Жоғарыда аталған нормалар 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді.
Осыған байланысты 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық салуда және кедендік реттеуде өсімпұл есептеу кезінде, сондай-ақ төлемдерді, бөтен ақшаны заңсыз пайдалану және мерзімі өткен сома үшін тұрақсыздық айыбын, берілген ақша сомасын индекстеуді, кеден бажын төлеу мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу үшін пайыздарды индекстеуді кешіктіру кезінде азаматтық-құқықтық және әкімшілік-құқықтық қатынастарда базалық мөлшерлеме қолданылатын болады.
2017 жылғы 1 сәуірден бастап қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің мәні тиісті күнге белгіленген базалық мөлшерлеменің мәніне теңестірілгенін атап өтеміз. Осыған байланысты қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін базалық мөлшерлемемен ауыстыру бұрын қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесі қолданыла отырып есептелген төленетін ақша сомасы мөлшерінің өзгеруіне әкелмейді.