Қақаған аяз Қазақстанға қайта оралады

11 Қаңтар 2021, 12:23
Сурет: sobitie.com.ua

"Қазгидромет" РМК 12-14 қаңтарға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бастапқы кезде Атлантикалық циклон, еліміздің басым бөлігінде, жауын-шашынның көптеп түсуіне ықпал етеді: еліміздің солтүстігінде - қар бұрқасындатады, республикамыздың батысы мен оңтүстігінде жаңбыр аралас қар жаауы ықтимал. Содан кейін Салехард аудандарынан антициклон елімізге ойысып келіп, күн күрт аяздайды, деп хабарлайды синоптиктер.

Осыған байланысты алдағы күндері ауа-райы құбылып, сынап бағаны күрт төмендейді деп күтіледі. Республикамыздың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейіп, қар бұрқасындатады, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және батыста көктайғақ болады деп күтіледі, ал оңтүстік-батыста үскірік боран күтіледі.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?