ОСК Мәжіліс сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады

11 Қаңтар 2021, 15:35
Сурет: azattyq-ruhy.kz

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттары сайлауының алдын-ала қорытындылары жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.

Сайлауға бес саяси партия қатысты: Nur Otan партиясы, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы, "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы, "Адал" партиясы және Қазақстан халықтық партиясы.

Экзит-полл нәтижелері бойынша ҚР Парламенті Мәжілісіне үш партия өтті: Nur Otan партиясы, Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы және Қазақстанның Халық партиясы.

ОСК хатшысы Сабила Мұстафина айтқан алдын-ала мәліметтер бойынша, дауыстар былай бөлінді:

Қазақстан Халық партиясы - 9,10%;

Nur Otan - 71.09%;

"Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 5,29%;

Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы - 10,95%;

Адал партиясы - 3,57%.

ОСК сайлаудың түпкілікті нәтижелерін аумақтық сайлау комиссиялары хаттамаларының барлық түпнұсқаларын алғаннан кейін өз отырысында белгілейді.

10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттар сайлауы өтті. Сағат 22:00-дегі жағдай бойынша сайлау учаскелеріне келушілер саны 63,3% құрады. Мәжіліске өту үшін тараптар 7 пайыздық межеден асуы керек еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?