Жаңалықтар тізбегі
0

Сиыр жылы астанамыз Алматыдан Ақмолаға көшіп кеткен

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2021 22:51 видеодан кадр
Сиыр жылында қазақ халқы үшін екі қасірет болған.

Үлкендер әр жылдың өз ерекшілігі бар деп, өзінше болжамдарын айтып жатады. Тышқан жылын тоқшылыққа, ұлу жылын шөп бітік шығады деп балап, жылқы жылында тыныштық болады деп сенеді. Ал сиыр жылына қатысты қандай болжам бар? Бұған дейін қандай оқиғаларымен есте қалды?

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Бұған дейін сиыр жылдарында түрлі оқиғалар болған. Солардың бірқатарын назарыңызға ұсынамыз. Мысалы, 1901 жылы Германиядағы Койнингштейн қаласында жолаушы тасымалдайтын алғашқы троллейбус жүре бастады.

1925 жылы өнертапқыш ғалымдар америкалық Чарльз Фрэнсис Дженкинс және британиялық Джон Логи Бэрд тұңғыш рет телехабар таратып, теледидар өндірісіне жол ашты.

1937 жыл қазақ халқы үшін қасіретті болды. Себебі осы жылдан бастап қазақтың қаймағын, оқыған зиялыларын Кеңес Үкіметі біртіндеп ұстап, "Халық жауы" деп жала жауып, ату жазасына кескен болатын.

1949 жыл Қазақстан үшін қасіретті жылдардың бірі. Өйткені, осы жылы 29 тамызда Семей полигонында Кеңес Одағындағы ядролық қарудың алғашқы сынағы өтті. Жарылған атом бомбасының қуаты 22 килотонна еді.

Жалпы 1949-1991 жылдарда Семей полигонында 469 ядролық сынақ өткізіліп, соның кесірінен 500000 адам зардап шекті.

1961 жылы 12 сәуірде Байқоңыр ғарыш айлағынан Юрий Гагарин "Восток-1" ғарыш кемесімен адамзат тарихында алғаш рет ғарышқа ұшты.

Юрий Гагарин Жерді айналып ұшып, 1 сағат 48 минуттан кейін Жерге қайта қонды. Ғарышкердің аспан әлеміне бұл сапары бүкіл адамзат ғылымы үшін үлкен жаңалық әрі табыс болды.

1973 жылы Моторола компаниясының қызметкері америкалық өнертапқыш ұялы телефонның алғашқы нұсқасын жасап шығып, 3 сәуірде мұнымен бірінші рет қоңырау шалды. Бұл құрылғының салмағы 1 келі 150 грамм болыпты. Сонымен қатар, 12 пернетақта орнатылған. Яғни, 0-ден 9-ға дейін 10 сан және қоңырау соғу мен қоңырауды аяқтау пернелері. Алғашқы ұялы телефонның қуаты үздіксіз сөйлессеңіз, 1 сағатқа жетіпті. Содан кейін 10 сағат қуаттандыру қажет болған.

1985 жылы британиялық мамандар Жердің Озон қабатында тесік бар екенін анықтап, хабарлады. Содан бері бұл мәселе шешімін таппағандықтан, бүкіл ғаламшар үшін әлі күнге дейін өте өзекті мәселе. Өйткені, қаншама уақыттан бері Озон қабаты тесілген тұстарда күннің зиянды ультракүлгін сәулесі жер бетіне сүзгісіз өтіп жатыр.

1997 жылдағы Қазақстан үшін ең басты оқиға 10 желтоқсанда ел астанасының Алматыдан Ақмолаға көшірілуі. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың идеясымен елордаға айналып, қайтадан түлеген шаһар уақыт өткен сайын гүлденіп, үлкейіп келеді. Қала тұрғындарының саны небәрі 20 жылда, янғи 2017 жылы 1 миллион адамға жетті. Қазір Нұр-Сұлтанда республикалық, халықаралық, әлемдік деңгейдегі іс-шаралар ұйымдастырылып жүр.

2009 жылды БҰҰ Халықаралық астрономия жылы деп жариялады. Өйткені, 1609 жылы италиялық ғалым Галилео Галилей адамзат тарихында алғаш рет телескопты қолданып, аспан денелерін бақылауға кіріскен еді. 2009 жылдың Халықаралық астрономия жылы деп жарияланауы Галилейдің телескопты пайдалана бастауының 400 жылдығы қарсаңында арнайы таңдап алынды. 2009 жылы ғаламдағы жетекші мамандар аспан әлемін зерделеуге және соңғы зерттеулерді Жер тұрғындарына жеткізуге айрықша көңіл бөлді.

Біз тізбектеген оқиғалардың бәрі де сиыр жылы болған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: