Индонезияда Boeing апатынан қаза тапқандардың бірінің ДНҚ бойынша жеке-басы анықталды

11 Қаңтар 2021, 17:54
Сурет: AP Photo / Achmad Ibrahim

Индонезия құқық қорғау органдары Sriwijaya Air әуе компаниясының Ява теңізіне құлаған ұшақтағылардың бірінің жеке-басын анықтады. Бұл туралы ұлттық полицияның қоғаммен байланыс бөлімінің өкілі Каро Панмас мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.

ДНҚ үлгілерін салыстыру нәтижесінде біз алғашқы нәтижелерге қол жеткіздік. (...) Бұл - Джакартада тұрған 29 жастағы жолаушы, - деп келтіреді Detik порталы.

Оның айтуынша, "қазіргі уақытта қаза тапқандардың туыстарынан 53 ДНҚ үлгісі алынды".

Сонымен қатар, құқық қорғау органының қызметкері "құтқарушылар дене бөлшектері бар 17 қапты су астынан алып шықты" деп мәлімдеді.

9 қаңтарда жергілікті Sriwijaya Air авиакомпаниясының Boeing 737-524 ұшағы бортында 50 жолаушы мен 12 экипаж мүшесі бар Джакарта-Пантианак (Батыс Калимантан провинциясының әкімшілік орталығы) бағытында ұшып шықты. Астаналық әуежайдан ұшып шыққаннан кейін шамамен төрт минут өткен соң, ұшақ теңізге құлады. Ұлттық іздеу-құтқару агенттігі басшысының орынбасары Сурио Аджидің хабарлауынша, жердегі қызметтер өздерінің жауапкершілік аймағында кез-келген ұшақтан төтенше жағдай белгісін алмағанын айтты. Оның айтуынша, көршілес Австралияның спутниктік жүйелері де ешқандай белгі тіркемеген.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?