Reuters: Джек Ма жоғалған жоқ

12 Қаңтар 2021, 16:42
Сурет: Medium

Джек Ма жоғалып кеткен жоқ. Ол Бейжіңдегі биліктен қысым көрген соң, бой тасалауға мәжбүр болды, деп хабарлайды Atameken Business шетелдік БАҚ-қа сілтемемен.

Әйгілі миллиардер көрінбей кеткен соң, ол туралы ақпарат құралдары сан түрлі ақпарат таратып жатыр. Қытайдың коммунистік партиясы антимонополияға және капитал экспансиясына жол бермеу үшін Джек Маның "Алибабасын" ұлттық компанияға айналдыруға кіріскен еді. Сол үшін оның еншілес компаниясы Ant Group-ты IPO-ға шығармаған болатын. Осыдан кейін Джек Ма көрінбей кетті. Бұл өз кезегінде оған тиеслі компания құнды қағаздарының арзандауына алып келді.

Қазір Alibaba акциясы – 227 доллар. Соңғы екі күнде ол 9 долларға дейін түсті.

Джек Ма әлемдегі ең бай азаматтар тізімінде 25-орында. Дәулеті – 50 млрд доллар.

Биыл Аlibaba платформасындағы қазақстандық компаниялардың саны 150-ге жетеді деген жоспар бар. Қазір онда 98 компания жұмыс істеуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?