Елбасы Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады

12 Қаңтар 2021, 17:30
Сурет: elbasy.kz

Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердіні қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz Елбасы сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында осы жылы Қазақстанның Тұңғыш Президентінің қатысуымен өтетін сыртқы саяси іс-шаралардың кестесі қаралды. Алдағы уақытта өтетін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің, Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің (Түркі кеңесі) және Орталық Азия мемлекеттері басшыларының консультативті кездесулеріне ерекше назар аударылды, Нұрсұлтан Назарбаев бұл кеңестердің Құрметті Төрағасы болып табылады.

Елбасына Қазақстанның одақтастары және стратегиялық серіктестері болып табылатын мемлекеттердегі жағдай, сондай-ақ біздің еліміздің ЕАЭО-дағы төрағалығымен қатысты жұмыстардың басым бағыттары туралы ақпарат берілді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?