Қырғызстанда таудағы елордалық оқушы өліміне қатысты тың мәлімет жарияланды

13 Қаңтар 2021, 11:31
Сурет: berdmedia.ru

Шу облысының ішкі істер басқармасы шаңғы базасында Қазақстаннан келген баланың өлімі туралы егжей-тегжейлі мәлімет таратты, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 3 қаңтарында 35 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 13 жасар баласымен бірге Шу облысы, Тоқмақ қаласында тұратын немере ағасына қонаққа барады. 10 қаңтарда бала отбасымен және жиендерімен бірге Қаракөлге демалуға барады. Туыстары қонақүйге орналасып, "Каприз" шаңғы базасына жол тартады, деп жазады 24.kg.

12 қаңтарда шамамен сағат 13.00-де демалыс орнында бала 3 мың 40 метр биіктікке көтеріледі, содан соң батыс трассамен төменге қарай сырғанайды. 2 мың 700 метр биіктікте батыстан шығысқа қарай трассамен бұрылған кезде ол шыршаға барып соғылады. Бала алған жарақаттарынан сол арада қайтыс болды, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Сот-медициналық сараптама баланың аяғы мен мойын сүйектері сынғанын анықтады. Баланың қайтыс болуының барлық жағдайларын толық анықтау үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

31 қаңтарда марқұм жасөспірім 14 жасқа толар еді.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?