Алматыда Көкжайлауды Ұлттық парк құрамына қайтару процедурасы басталды

13 Қаңтар 2021, 14:40
Сурет: gorny-club.kz

Алматыда Көк-Жайлау шатқалын Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтару процедурасы басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

2020 жылдың қыркүйегінде Іле-Алатау ұлттық паркіне жер телімін қайтару процедурасын жеңілдету үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңға түзетулер енгізілді.

Бір-екі айдан кейін, 20 желтоқсанда Алматы әкімдігі қаулы шығарды. Онда Туризм департаменті Көкжайлау шатқалы аумағын ақысыз пайдалану құқығын тоқтатқаны айтылған. Бұл туралы қалалық Жер қатынастары басқармасы хабарлады.

Іле-Алатау ұлттық паркіне жерді қайтару бойынша одан арғы процедура үкіметтің шешімімен жүзеге асырылады.

2014 жылы Үкіметтің қаулысы шығып, Іле-Алатау ұлттық паркінің жерлері ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатынан Алматы қаласы Медеу ауданының резервтік жерлері санатына ауыстырылды. Бұл Көк-Жайлау шатқалында тау шаңғысы курортын салу үшін жасалды.

Қоғам қайраткерлері бұл шараға қарсы шықты. 2019 жылы Президент олардың пікірін ескере отырып, шатқалда курорт салуға тыйым салды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?