Енді дара кәсіпкерлікті банк қосымшалары арқылы ашуға болады

24.kz 24.kz
Хабарламаға жеке тұлғаның электронды цифрлық қолтанбасымен қол қою керек.

Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарламаны www.egov.kz порталында, сондай-ақ Kaspi.kz, Halyk Bank анк қосымшаларында жіберуге болады, деп хабарлады ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

Дара кәсіпкерді ашу үшін жеке тұлғадан дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама жіберуі жеткілікті.

Бұдан былай қазақстандықтар Halyk Bank мобилді қосымшасында іске асырылған жаңа сервистің көмегімен йден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті тіркей алады. сыған дейін бұл хабарламаны www.egov.kz электрондық үкімет порталында, сондай-ақ Kaspi.kz қосымшасында жіберу мүмкіндігі болған.

Хабарламаны Halyk Bank қосымшасында бірнеше батырмаларды басу арқылы жіберуге болады. «ЖК болу» сілтемесі бойынша өтсе жеткілікті. Одан кейін, жүйе алдағы қадамдарды ұсынады. Сондай-ақ, ЖК ашудың барлық процесі 5 минуттан аспайды.

Ескере кететін жайт, нысанды толтыру кезінде жеке тұлға қызметті жүзеге асыруды жоспарлап отырған облыстың мемлекеттік кірістер органының кодын, дара кәсіпкердің атауын, мекен-жайын, жүзеге асырылатын қызмет түрін, сондай-ақ салық салу режимін таңдауы керек.

Хабарламаға жеке тұлғаның электронды цифрлық қолтанбасымен қол қою керек.

Келесі күні жеке кәсіпкер ретінде тіркеуді Мемлекеттік кірістер комитетінің www.kgd.gov.kz сайтында тексеруге болады.

zkadm
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз