Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақ хандығы" сериалын Қытайдың компаниясы сатып алды

видеодан кадр, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.01.2021 22:40 видеодан кадр
Отандық тарихи кинотуындылар Түркия және Қытай елдерінде көрсетіледі.

Режиссер Рүстем Әбдіраштың "Алмас қылыш" (2017), "Алтын тақ" (2019) көркем фильмдерін және "Қазақ хандығы" тарихи телехикаясының екі маусымын Түркия (Duru Filmcilik) және Қытайдың (Magic Fair) дистрибьютерлік компаниялары сатып алды, деп хабарлайды zakon.kz Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ хабарламасына сілтеме жасап.

2017 жылы "Алмас қылыш" фильмінің көрсету құқығын Оңтүстік Кореялық Amadeus компаниясы сатып алған болатын.

Бұл жобалар ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен, "Қазақфильм" киностудиясында Сentaurus Rustem Abdrashev production компаниясының қатысуымен түсірілген.

Көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің "Алмас қылыш" романының желісі бойынша түсірілген "Қазақ хандығы" жобасы XV ғасырдағы көшпелі қазақ тайпаларының басын қосқан қазақтың алғашқы хандары – Керей мен Жәнібек сұлтандардың билік құрған кезеңін қамтиды.

Айта кетсек, Youtube желісіне жүктелген "Алмас қылыш" фильмі 7 миллионға жуық қаралым, сондай-ақ, Ресей, Түркия, Америка сынды басқа да елдердің көрермендері қалдырған 12 мыңнан астам пікір жинаған.

Казіргі уақытта тарихи кинодастанның Netflix стриминг платформасында шығуы туралы келіссөздер жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: