Қарағандыда қылмыстық топ мемлекетке 537 млн теңге залал келтірді

14 Қаңтар 2021, 09:50
Сурет: zakon.kz

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері жүргізген жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 2017-2020 жылдар кезеңінде Қарағанды қаласының аумағында іс жүзінде жұмыстар орындалмай және тауарлар жеткізілмей жалған шот-фактураларды жазумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ әшкереленді, деп хабарлайды zakon.kz.

Тергеу барысында, 7 адамнан тұратын қылмыстық топ, сонымен қатар бақылаудағы заңды тұлғалардың басшылары ретінде тіркелген қатысушылар тіркеу үшін үй-жайларды іздеу мен жалға алуды, сондай-ақ контрагент-сатып алушыларды іздестіріп, екінші деңгейлі банктерде ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және т. б. жүзеге асырған.

Топтың қылмыстық әрекеті нәтижесінде мемлекетке келтірілген залал сомасы 537 млн теңгені құрады. Тәркілеуді қамтамасыз ету мақсатында тергеу барысында бақылаудағы кәсіпорындардың жалпы сомасы 121,3 млн теңге ақша қаражатына тыйым салынды.

27.12.2020 ж. қылмыстық іс өндіріспен аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?