Жаңалықтар тізбегі
0

Байбек сайлаудағы өзгерістер туралы: Елбасының тапсырмасы толық орындалды

azattyq-ruhy.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.01.2021 19:07 azattyq-ruhy.kz
Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 45 жасты құрайды.

Бауыржан Байбек еліміздің барлық мәслихаттары сайлауының қорытындылары туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Facebook-тегі парақшасында жазды.

"Қымбатты достар! Өздеріңіз білетіндей, "Nur Otan" барлық 216 аумақтық мәслихаттарға тізімдер ұсынды. Жергілікті өкілді органдарға сайлау қорытындысы бойынша партияға орта есеппен сайлаушылардың 82,4%-ті дауыс берді. Осылайша, барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 3 276 орыннан нұротандықтар 2 701 мандат алды. Кеше партия филиалдарының саяси кеңестері бюролары отырыстарының қорытындылары бойынша еліміздің барлық облыстары, аудандары мен қалаларындағы мәслихаттар депутаттарының тізімі жасалып, тіркеу үшін өңірлік сайлау комиссияларына жолданды. Жалпы, мәслихаттардағы біздің фракциялардың құрамы 65%-ке жаңарды", деп жазды ол.

Партияның депутаттық корпусы 6 жылға жасарды, бүгінде халық қалаулыларының орташа жасы 45 жасты құрайды.

"Nur Otan"-нан сайланған барлық депутаттардың үштен бірі – әйелдер, 23% – 35 жасқа дейінгі жастар. Олардың қатары сәйкесінше 11%-ке және 16%-ке артты. Осылайша, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың барлық деңгейдегі маслихаттарда әйелдер мен жастардың үлес санын арттыру жөніндегі тапсырмасы толық орындалды. 423 депутат – партияға жаңадан кірген, праймериз аясындағы әлеуметтік лифтіні пайдалана отырып, партияішілік іріктеудің барлық кезеңдерінен өткен азаматтық белсенділер, қоғамдық пікір көшбасшылары", деп атап өтті ол.

"Депутаттық корпусқа білім және ғылым, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт, ҮЕҰ, БАҚ, кәсіподақ, өнеркәсіп өкілдері, сондай-ақ кәсіпкерлер, фермерлер, көпбалалы аналар, қандастар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар және т.б. кірді. Мәслихаттарда әр түрлі санаттағы азаматтардың өкілдік етуі шешімдер қабылдаудың теңгерімділігін және барлық әлеуметтік топтардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Елбасы атап өткендей, "Nur Otan" партиясынан депутат болу – артықшылық емес, үлкен жауапкершілік. Алдымызда ауқымды міндеттер тұр. Тек бірлесіп қана біз барлық қиындықтарды еңсеріп, көздеген мақсаттарымызға қол жеткізе аламыз!", деп сөзін қорытындылайды Бауыржан Байбек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: