Елімізде коронавирус инфекциясының шарықтау шегі қай кезеңде күтіледі - маман жауабы

imago-images imago-images
Қазақстанда коронавирус инфекциясы ауруының шарықтау шыңы 2 наурызда болады деп күтіледі.

Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман елімізде коронавирус инфекциясының шарықтау шегі күтілетін кезеңді атады, деп хабарлайды zakon.kz.

Ол өзінің Facebook парақшасында жазғандай, Вашингтон университетінің Медициналық метрика және бағалау институтының (IHME) мәліметі бойынша, Қазақстанда коронавирус инфекциясы ауруының шарықтау шыңы 2 наурызда болады деп күтіледі.

"Дегенмен, инфекциялар деңгейі өткен жаздағы ең жоғары деңгейге қарағанда 45 пайызға төмен болады деп болжанады. Сондықтан мүмкіндігінше мұқият болып, әсіресе алдағы айларда: бетперде тағып, әлеуметтік арақашықтықты сақтап, әсіресе, адамдары көп желдетілмейтін тар бөлме мен орындардан аулақ болыңыз, ұйқыңызды әбден қандырып жүріңіз, жақсы тамақтаныңыз және физикалық тұрғыда белсенді болуға тырысыңыз", деп атап өтеді ол.

https://static.zakon.kz/uploads/posts/2021-01/1610609777_123.jpg

zkadm
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз