Жылжымайтын мүлкін уақытылы тіркемегендерге айыппұл салынбайды

14 Қаңтар 2021, 16:21
Сурет: zemlyamo.ru

Парламент Сенатының бүгінгі жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жылжымайтын мүлікке құқықтарды және заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заң екі оқылымда қаралып, қабылданды, деп хабарлайды zakon.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сенатор Нұрлан Бекназаровтың баяндауынша, Парламент депутаттарының бастамасымен әзірленген бұл заң жобасы құжат тіркеу рәсімдерін және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Олардың ішінде электронды форматта көрсетілетін қызмет түрлері де бар.

Заң жобасында кейбір мүлікті тіркеу мерзімдеріне қатысты нормалар жетілдіріліп, тіркеу мерзімін сақтамаған жағдайда әкімшілік жауапкершіліктен алып тастау көзделген. Мысалы, бұрын үйін, меншік ғимаратын уақытылы тіркемеген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынатын. Енді заң жобасы қабылданса, тұрғындар жылжымайтын мүлкін мерзімінде тіркемегені үшін жауапкершілік арқаламайды.

Сондай-ақ, заң жобасында кейбір құжаттарды рәсімдеуді оңайлатуға байланысты өзгерістер енгізілген Депутататтар жер учаскесіне құжаттарды ресімдеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу рәсімі де айтарлықтай жеңілдейтінін айтты.

Заң жобасы қол қоюға Президентке жолданды.

Қымбат Нұрғали


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?