Шымкентте үйге таласқан Нағима мен Бағила кәрі шешесін қан қылды

18 Қаңтар 2021, 09:55
Сурет: видеодан алынды

Шымкентте қарт ананы үйге таласқан қыздары мен күйеу балалары ұрып тастады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы адвокат Еркін Кахаров Facebook-тегі парақшасында жазды.

Оның айтуынша, әжейді өз қыздары мен күйеубалалары ұрып-соққан. Себебі - олар құқықтық жағынан қатысы жоқ қара шаңырақты бөліспек ниетте болған.

Кейуана мұның барлығы 2018 жылы басталғанын айтады, марқұм күйеуі екеуі салған үйді сол кезде баспанасы болмай күйеуімен тентіреп жүрген кенже қызына берген. Онда да бірге тұратын болып шешкен.

Үй тіркеліп, 10 күн өткен соң, кенже қызы кенеттен қайтыс болады. Енді заң бойынша, жылжымайтын мүліктің мұрагері осы кенже қыздың күйеуі және оның екі баласы. Ал үйдің 1/8 бөлігі заң бойынша әженің өзіне тиесілі (...), бастапқы кезеңнің мұрагері ретінде. Кіші қызының күйеуі, әйелінің қырқы өткен соң қайын енесінен үйді босатуды сұрайды, оған әжей (...) "Баратын жерім жоқ, үйім осында емес пе" деп жауап береді. Дәл осы кезде сот ісі басталады, әрине әжей (...) барлық табыстарын адвокаттарға бере отырып, "жеңіледі", - дейді адвокат Еркін Кахаров.

Оның айтуынша, ол сот процестеріне 1,8 млн теңге жұмсаған.

Одан соң, кіші қыздың күйеуі одақтас ретінде әкесінің үйінен өз үлестерін алғысы келетін қалған екі қызды (...) өзіне тартады. Міне, солар өз олжасы үшін келіп, туған аналарын ұрып тастаған. Біз полицияға арыздандық, бірақ олар үнсіз, - деп жазады адвокат.

Кахаров атап өткендей, барлық осы оқиғадан соң кейуана өз-өзіне қол салмақ болған.

Сондай-ақ ол бір журналистің өтініші бойынша бұл істі ақысыз қарағанын айтты.

Шымкент қаласының полиция департаменті, Шымкент қаласы Абай аудандық полиция бөлімі, кейуанаға қол көтерген оның қыздары мен күйеубалаларын жазалауларыңызды сұраймыз. Әжейдің (...) сол қолы екі жерінен сынған, көптеген көгеру мен сырылу түрінде түрлі жарақаттар бар, - дейді адвокат.

Тақырыпқа орай: Соққыға жығылған кейуанаға қатысты Шымкент қалалық ПД түсініктеме берді


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?