Атышулы Навальный 30 тәулікке қамалды

twitter.com/Kira_Yarmysh twitter.com/Kira_Yarmysh
Оппозиционердің сынақ мерзімі режимін бұзуы туралы істі қарау 29 қаңтарға белгіленді.

Алексей Навальный отыз тәулікке қамауға алынды. Тиісті шешімді Мәскеу түбіндегі Химки қалалық сотының судьясы шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Вадим Кобзевке сілтеме жасаған ТАСС жазады.

Оппозиционердің сынақ мерзімі режимін бұзуы туралы істі қарау 29 қаңтарға белгіленді.

Сотты судья Химкидегі ішкі істер бөлімінің ғимаратында өткізе салды, ол жерге Навальный кеше кешкісін Шереметьево әуежайынан жеткізілген болатын.

Бұған дейін ІІМ блогердің сотын көшпелі форматта өткізу туралы шешімін түсіндірген. Бұған карантиндік шектеулер себеп деген еді.

Енді Навальный өзінің шартты мерзімі нақты мерзімге ауыстырылатыны шешілетін сот отырысын тергеу абақтысында күтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз