Жаңа министрлер ант қабылдады

19 Қаңтар 2021, 09:50
Сурет: vrk.news

Қызметіне жаңадан кіріскен министрлер Үкімет алдында ант қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

18 қаңтарда Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика министрі қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз күшім мен білімімді туған елім - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму жолына жұмылдыруға салтанатты түрде ант беремін. Ел Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға; барлық іс-қимылымда заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық келісім қағидаларын ұстануға; адал қызмет етіп, мемлекеттілікті нығайтып, дүниежүзілік қоғамдастық алдында мемлекеттіміздің беделін асқақтатуға, ант етемін, - деді жаңа министрлер.

Асқар Мамин министрлерді жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтады.

Үкімет құрылымында біраз өзгерістер болды. Мұхтар Тілеуберді Премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі болып тағайындалды. Мемлекет басшысының жарлығымен үкіметтің екі жаңа мүшесі тағайындалды. Әсет Ирғалиев Ұлттық экономика министрі, Серік Шапкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды. Олар өздеріне жүктелген маңызды міндеттерді жауапкершілікпен орындайды деп сенеміз. Мен барлық жаңа министрлерді тағайындалуларымен құттықтаймын, - деді Мамин.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?