Цой: Вакцинацияның баламасы - оқшаулану және карантин

19 Қаңтар 2021, 11:21
Сурет: Pixabay

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы вакцинация туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Оның айтуынша, вакцинация - вакцинаға бағынатын инфекцияға қарсы күресте тиімді, үнемді және қолжетімді жалғыз құрал.

Вакцинацияның баламасы - оқшаулану және карантин, біз бұған коронавирус инфекциясымен күресте жақсы көз жеткіздік. Вакцинация нәтижесінде инфекциядан тиімді қорғайтын және індет жұқтыру, сырқаттану қаупін төмендететін нақты иммундық реакция пайда болады, - деді Алексей Цой.

Министр Қазақстан халқын иммундау және соған байланысты әртүрлі инфекциялармен аурушаңдықтың төмендеуі туралы деректерді мысалға келтірді.

Сонымен, соңғы 20 жылда Қазақстанда мына аурулардың деңгейі төмендеді:
- қызылша - 56 еседен астам;
- эпидемиялық паротит - 119 еседен астам;
- "В" вирустық гепатиті тұрғындар арасында 34,7 есе, ал осы инфекцияға қарсы егілген балалар арасында 262 есе (ВВГ-ға қарсы вакцинация 1998 жылдан бастап енгізілді);
- көкжөтелге шалдыққандар саны тұрақты түрде төмен, дифтерия, сіреспенің жекелеген жағдайы кездеседі.

Министр елімізде тіркелген барлық вакциналар медициналық ұйымдарға жеткізілмес бұрын олардың қауіпсіздігі мен сапасы әбден тексреуден өтетінін еске салды, бұл нарық үшін тиімді және қауіпсіз вакциналарды ғана шығаруға мүмкіндік береді. Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы жаппай вакцинация ақпан айында басталады. Ол тегін болады, деп атап өтті Цой.

Халықтың осал топтары, ең алдымен коронавирус инфекциясына қарсытегін вакцинациядан өтуге жатады, оның ішінде медициналық қызметкерлер, мұғалімдер, коронавирус инфекциясын жұқтыру және тарату қаупі жоғары полиция қызметкерлері, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары жүйесі, тыныс алу жүйесі, қант диабеті сынды созылмалы ауруы бар медициналық-әлеуметтік мекемелердің контингенті мен жұмысшылары қамтылады, - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сонымен қатар министр вакцинация ғана ауруды жеңіп, еліміздегі шектеу шараларын алуға ықпал ететін баса айтты.

Эпидемиядан болатын зиян көлемі мен вакцинация кезінде сирек кездесетін реакциялар мен асқынулармен салыстыруға болмайтынын есте ұстаған жөн. Вакцинацияланған адамдар тиісті ауруды жұқтырудан және кез-келген патогенді таратудан қорғалға. Вакцинация жоғары деңгейде қамтылса, бұл шектеусіз күнделікті өмірге оралуға мүмкіндік береді, - деп сөзін қорытындылады ол.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?