Қазақстандықтарға арналған вакцинация төлқұжаты әзірленді

24tv.ua 24tv.ua
Жүйе әлемдік ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті және вакцина алған барлық адамдарға сұрау салынған орны бойынша және еркін жүріп-тұру үшін ақпарат беруге мүмкіндік береді.

Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жүйелі түрде есепке алу мақсатында вакцинацияның электрондық төлқұжаты жасалғанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Жүйелі түрде есепке алу мақсатында вакцинацияның электрондық төлқұжаты жасалды. Вакциналау туралы мәліметтер министрліктің орталықтандырылған ақпараттық жүйесінде электронды форматта сақталады, - деді Цой.

Оның айтуынша, m-gov мобильді қосымшасына науқас пен медициналық қызметкер қосымша ақпаратты қолмен енгізуіне болады.

Жүйе әлемдік ақпараттық жүйелермен интеграциялануға қабілетті және вакцина алған барлық адамдарға сұрау салынған орны бойынша және еркін жүріп-тұру үшін ақпарат беруге мүмкіндік береді, - деді министр.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз