Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы маңындағы ұшақ апатына қатысты тың мәліметтер жарияланды

neonomad.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2021 18:45 neonomad.kz
Алты айыпталушының арасында тек бір әйел тергеу изолияторына тоғытылған, онда да оның отырғанына 10 ай болған, ал қалғандары үй қамақ жағдайында.

Ұшақ құлаған әуежай маңындағы жер телімдерінің заңсыз сатылуына қатысты 6 адамға айып тағылды, деп хабарлайды zakon.kz

Almaty.tv мәліметі бойынша, алты айыпталушының арасында тек бір әйел тергеу изолияторына тоғытылған, онда да оның отырғанына 10 ай болған, ал қалғандары үй қамақ жағдайында.

Риэлтор Нұрайым Алданыштың тергеу изоляторында отырғанына бір жылдай уақыт болып қалды. Оның денсаулығына туған-туысқандары қатты алаңдаулы. Оның адвокаты әйелді кепілмен үй қамаққа босатуды сұрағанымен, шағымы кері қайтарылыпты.

"Соттың созылуына бірден-бір себеп - Нұрайымның іспен жөнді таныспауы. Маусым айында сотпен таныс деп қайтырып жіберген. Содан кейін сот болатын 3 күн қалғанда 4 мың беті бар сот ісін алып келген алдына - таныс деп. Нұрайымның 3 күнде 4 мың бетті оқып танысуы мүмкін емес. Сол үшін сот созылып жатыр, – деді Нұрайым Алданыштың сіңілісі Әлия Алданыш.

Әуежай маңындағы үйлердің заңсыз салынғаны 2015 жылы белгілі болып, тіпті арнайы комиссия да құрылған. Бірақ жабулы қалған қазанның қақпағы апаттан кейін қайта ашылып отыр. Ал, содан бері мәселенің май шаммен қаралмауына облыстық әкімдіктің өкілдері жер жеке иелікте болды деп жауап берді.

"Бұл жер нысаналы мақсатын өзгерткен кезде, ауыл шаруашылығындағы жер болып қалған. Ол жерге үй салуға өкілетті орган тарапынан үй салуға рұқсат берілмеген. Елдер салып алған өздері", – деді облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Қайрат Қыдырбаев.

Ұшақ құлаған аймақтың 1 гектар 350 сотығы 2011 жылы жеке иелікке өткен. Ол бастапқыда ауыл шаруашылығы мақсатында пайдалануға беріліпті.

2019 жылы 12 адамның өмірін жалмаған "Фоккер-100" ұшағы апатқа ұшырап, Алматы әуежайының маңында заңсыз сатылған жерлерге қатысты сот отырысы әлі де ұзаққа созылатын секілді. Белгілі болғандай, әр сотырысы өткен сайын жаңа тың деректер ашылып жатыр. Сотқа жолданған қылмыстық істің ақыры немен тынатыны әзірге белгісіз. Келесі сот отырысы 20 қаңтарда өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: