Ақмола облысында эпидахуалды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр

19 Қаңтар 2021, 15:20
Сурет: Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Үкіметте Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Ақмола облысында эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Соңғы аптада, жалпы аурудың орташа өсуі 0,8% құрады, соңғы тәуліктерде – 1,2% немесе 99 жағдай. 526 адам стационарда емделуде, оның ішінде: ауыр жағдайда – 41 адам. Аурудың артуына жол бермеу және карантин шараларын күшейту үшін, барлық қажетті шара қолданылады", - деді Ермек Маржықпаев.

Ішкі саясат бөлімінің мәліметтері бойынша, 526 адам ауруханада емделіп жатыр. Оның ішінде 41 адамның жағдайы өте ауыр. Аурудың көбеюін болдырмау және карантиндік шараларды күшейту үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.

Өңірде басқа да тиісті шаралар қабылдануда. Сырқаттанушылықтың өсуін төмендету үшін қоғамдық орындардың жұмыс режимі - азық-түлік емес дүкендер, сауда ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық тамақтану орындары уақыттын 30% қысқарту туралы шешім қабылданды.

Мониторинг топтарымен, жыл басынан бері 346 рейд өткізілді, 1212 объект қамтылды. Өткен аптада инфекциялық стационарларда, оның ішінде ауылда орын саны артты. Реанимациялық орындардың жабдықталуы 100% құрайды. Бүгінгі таңда Ұлттық сараптама орталығының бірыңғай порталымен интеграцияланған 6 зертхана жұмыс істейді. Тәулігіне 1700-ден 2000 дейін тест өткізіледі. Қажеттілігіне қарай, зертханалардың резервтік қуаты тәулігіне 7 мыңға дейін тест өткізуге мүмкіндік береді. Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету ұйымдарының қызметі бойынша шаралар күшейтілді. Жаңа жылда, 18 емхана мобильді бригадалармен халыққа қызмет көрсету үшін 37 автокөлікпен қосымша қамтамасыз етілді.

Облыс әкімінің айтуынша, халықты вакциналау үшін дайындық жұмысы жүргізілуде. “Спутник V” вакцинасының 100 мың дозасын сақтау үшін 2 мұздатқыш камерасы бар, тағы 4 сатып алынуда. Сонымен қатар "мұздатқыш тізбекке" сәйкес, 38 термоконтейнер, 19 терморегистратор, 2 авторефрежатор сатып алынады.

Дәрілік заттардың құрылған 2 айлық қоры қажеттілігіне қарай пайдаланады және жедел тәртіпте толтырылады. Дәрімен тегін қамтамасыз ету тәртібі халыққа жеткізілді және 98,7% құрайды. Бүгінгі таңда 61 млн теңге сомасына дәрілік заттардың 90 аталымы жеткізілді, қаңтар айының соңына дейін қалған 180 млн теңге сомасына жүк келеді. Қажетті дәрілік заттарды қосымша сатып алу үшін облыстың тұрақтандыру қорында 500 млн теңге қарастырылды. Өңірдегі эпидемиологиялық жағдай ерекше бақылауда.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?