Назарбаев пен Медведев телефон арқылы сөйлесті

azattyq-ruhy.kz azattyq-ruhy.kz
Медведев Назарбаевты ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының сенімді жеңісімен құттықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Дмитрий Медведев телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды zakon.kz.

"Единая Россия" саяси партиясының төрағасы Елбасыны Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында "Nur Otan" партиясының сенімді жеңісімен құттықтады.

Ол дауыс беру нәтижелері партияның халық пен елдің өркендеуін қамтамасыз етуге бағытталған стратегиялық бағытының жалпыхалықтық сенім мен қолдауға ие екенін дәлелдейтінін баса айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Дмитрий Медведевке жылы лебізі үшін алғыс білдіріп, "Nur Otan" мен "Единая Россия" партияларының арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейі Қазақстан-Ресей стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарының рухы мен мазмұнына толық сай келетінін айтты. Тараптар алдағы уақытта екі елдің билеуші ​​партиялары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдету және кеңейту жайын сөз етті, делінген Елбасы сайтында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз