"Спутник V" вакцинасы нұсқаулығына тағы бір жаңа ескерту енгізілді

wikimedia.org wikimedia.org
Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik V вакцинасын 2020 жылдың тамызында тіркеді.

Қатерлі ісікке шалдыққан адамдар Sputnik V вакцинасындағы нұсқаулықтың жаңа редакциясында көрсетілгендей, оны сақтықпен қолдануы керек, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ақпараттың жеткіліксіздігіне байланысты вакцинация науқастардың келесі топтары үшін қауіп төндіруі мүмкін: аутоиммундық аурулар кезінде (иммундық жүйені ынталандыру аурудың өршуіне әкелуі мүмкін, әсіресе аутоиммундық патологиясы бар науқастар ауыр қабылдауға бейім, сақтықпен қолдануы керек); қатерлі ісікке шалдыққандарға, делінген нұсқаулықта.

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі Sputnik V вакцинасын 2020 жылдың тамызында тіркеді. Препаратты Гамалея атындағы ҰҒЗИ жасаған. Бұл вакцина COVID-19-дың алдын алу бойынша әлемде бірінші болып тіркелді. Sputnik V адамның аденовирустық векторларының жақсы зерттелген және тексерілген платформасына салынған. Препараттың маңызды артықшылығы - қауіпсіздік және ұзақ мерзімді жағымсыз салдардың болмауы. Sputnik V тиімділігі 90 пайыздан асады, вакцина коронавирус инфекциясының ауыр жағдайларынан толық қорғайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз