Тоқаев вакцинация туралы: "Атқарылатын жұмыс көп..."

Ақорда Ақорда
Президент вакцинацияның кедергісіз басталуының маңыздылығын атап өтті.

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирусқа қарсы вакцинацияны бастауға дайындық барысы қалай жүріп жатқаны туралы сұрады, деп хабарлайды zakon.kz.

Мәселенің бірі - медициналық мекемелердің вакцинацияға дайындығы.

Бұл мәселе - біз үшін өте өзекті. Біз барлық медициналық ұйымдармен тренинг өткізіп жатырмыз. Әрбір медициналық ұйым қазір вакцинацияға қатысты барлық керекті ақпаратты сұрыптап, жағдайдан әбден хабардар. Біз қажетті температуралық режимде логистикалық желіні құрдық. Бірінші жеткізетін вакцина Sputnik-V болады. Аймақтар қосымша тоңазытқыш жабдықтарын сатып алды, бұл жабдық қазірдің өзінде "СК Фармация" хабтарында тұр. Медицина қызметкерлерін оқыту үшін біз вакцинаны қолдану бойынша арнайы стандарт пен нұсқаулық жасадық. Қазір вакцинацияның артықшылықтарын халыққа жеткізу үшін материалдар дайындалып жатыр, - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Президент вакцинацияның кедергісіз басталуының маңыздылығын атап өтті.

Бұл - өте маңызды мәселе, сізге және әкімдерге жүгіне отырып, осыған баса назар аударуды сұраймын. Бізге әрбір адамның вакцинасы бойынша әбден тезден өткен байыпты жоспар қажет, өйткені ол арада ескерілуі тиіс белгілі бір нюанстар бар, түсініксіздік пен хаосты болдырмас үшін осының бәрін ескеру қажет. Атқарылатын жұмыс көп, - деді Президент.

zkadm
Басты Топ LIVE Бәрі
bellz
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз