iPhone 12-нің денсаулыққа қауіпті екені анықталды

Apple Apple
Медициналық құрылғыларға кедергі келтірмеу үшін Apple компаниясы жаңа iPhone құрылғысын олардан алыс ұстауға кеңес береді.

Apple компаниясы өз ресми сайтында iPhone 12 смартфондарының денсаулыққа қауіпті магниттері бар екені туралы ақпаратпен бөліскен, деп хабарлайды zakon.kz.

Heart Rhythm ғылыми журналында жарияланған зерттеуде MagSafe-нің тез қуат алу жұмысын жеделтуге арналған магниттің кардиостимуляторға кедергі келтіруі мүмкін екендігі айтылады. Генри Фордтың жүрек-қан тамырлары институтының ғалымдары бірқатар эксперименттер жүргізіп, бұл болжамдар расталды. Олар iPhone 12-ді Medtronic кардиостимуляторы қойылған науқастың кеудесіне - жүрегін жақын орналастырады. Нәтижесінде iPhone-нан шыққан магнит өрісі кардиостимуляторды өшіріп тастады.

Бір қызығы, iPhone 12-ні өндірушілердің өзі бұл қауіп жайынан ескерткен.

IPhone-да магниттер мен электромагниттік өрістер шығаратын радиотолқындар бар. Барлық MagSafe аксессуарларында (бөлек сатылады) да магниттер бар, MagSafe ток жинағыш құрылғысы және MagSafe Duo ток беретін радиоқабылдағыштарда да ол бар. Бұл магниттер мен электромагниттік өрістер медициналық құрылғыларға кедергі келтіруі мүмкін делінген өндіруші компанияның веб-сайтында.

Медициналық құрылғыларға кедергі келтірмеу үшін Apple компаниясы жаңа iPhone құрылғысын олардан алыс ұстауға кеңес береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз