Су жаңа Lada Niva шығайын деп тұр

27 Қаңтар 2021, 15:05
Сурет: kolesa.kz

Желіде 2024 жылы жарық көретін жаңа Lada Niva туралы ақпарат тарады. "Авторевю" басылымының дерегіне сүйенсек, кроссовер АВТОВАЗ бен француз-жапон альянсы технологияларының гибриді болады, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

"Ниваның" CMF-B платформасын иеленетіні белгілі. Жол талғамайтын көліктің ұзындығы 4.3 метрден сәл асады, ал дөңгелек базасының көлемі — 2.6 метр. Автокөлік 240 миллиметрлік клиренспен де ұсынылады.

Капот астына альянстың 1.3 литрлік турбомоторы мен Ресейде жасалатын 1.8 литрлік атмосфералы мотор орнатылады. Екінші қозғалтқыш 6 сатылы механикамен не вариатормен жұмыс істейді. Ал бірінші агрегат үшін тек сатысыз қорап қолжетімді.

Lada Niva-ның алдыңғы жетекті түрленімі болмайды, бірақ толық жетекті екі нұсқа ұсынылады. Қарапайым көлікте артқы осьті электромагнитті муфтамен қосу жоспарланып отыр. Жол талғамайтын нұсқасы үшін шеберлер екі борттық фрикционды пакеті бар редуктор әзірлеуде.


zakon.kz жаңалықтарын оқыңыз
Жазбаларды көрсету

Көп оқылғандар

барлық жаңалықтар

ЖАҢАЛЫҚТАР

қате туралы хабарлау
Қате туралы хабарлау
Қате мәтін:
Түсініктеме:

Маңызды жаңалықтарды білгіңіз келе ме?