Мәжілісте кешігіп келген жаңа депутаттар ант қабылдады
Бірінші пленарлық отырыста белгілі бір себептермен қатыспаған VII шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің жаңадан сайланған депутаттары ант қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
Атап айтқанда, Берік Әбдіғалиұлы, Анатолий Бойчин, Юрий Жулин, Вера Ким, Юлия Кучинская, Айгүл Құспан ант қабылдады.
Мен Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, өзіме сеніп тапсырылған депутаттың жоғары міндеттерін абыроймен атқаруға ант етемін!, - деді депутаттар жалпы отырыс алдында.
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин депутаттарды ресми түрде қызметке кірісулерімен құттықтап, оларға сәттілік тіледі.
10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен Мәслихаттарының сайлауы өтті.
Дауыс беру нәтижесінде Мәжіліске үш партия өтті: "Нұр Отан", "Ақ жол" Демократиялық партиясы және Қазақстан Халық партиясы. Мәжіліс депутаттарының құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясының тоғыз адамы кірді.